ҚАБЫЛ ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ


Аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлыққа толы бүгінгі Жеңіс күні – тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Осыдан 78 жыл бұрын сұрапыл соғыста жауған оққа қарсы тұрған, көзі тірі майдангерлер бүгінде тәуелсіз елдегі бейбіт күннің бақытын сезініп отыр.
Бүгін Ұлы Жеңіс күні мерекесінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков және аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандағы мекеме басшылары Саудакент ауылында тұратын соғыс ардагері Қабыл Ібіжанов қарияның үйіне арнайы барып, ардагерді мерекемен құттықтап, ардагерге құрмет көрсетті.
Ардагерге соғыстағы ерлігі және бейбіт өмірдегі еңбегі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық тіледі.
Өз кезегінде ардагер бүгінгі ұрпақтың еліміздегі бейбіт, тыныш өмірдің қадірін ұғыну, оны қастерлеу керектігін айтып, аудан басшыларына көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ібіжанов Қабыл 1926 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Сталин колхозында дүниеге келген. 1935-1942 жылдары Сталин колхозындағы мектепте білім алып, «Шилі» колхозында жұмысшы болған. 1944 жылы әскер қатарына алынған. Румыния, Болгария, Эстония, Архангельск қалаларындағы ұрыстарға қатысқан.
«Ұлы Отан соғысының І дәрежелі» орденімен «Маршал Г Жуков» және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі