Биыл қайтарымсыз грант қаражатын 73 адамға беру жоспарланды
Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде, бизнеске бет бұрып, шағын болса да өз ісін ашқандар ауданда аз емес. Қайтарымсыз грант қаражатын алуға ниет білдірген үміткерлердің саны да күн санап көбейіп келеді. Биылғы жылы кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз грант қаражатын 73 адамға беру жоспарланған. Қаралған қаржының жалпы көлемі 100 740,0 мың теңге. Биыл грант қаражаты 4 лекпен берілетін болады. 1-ші лек бойынша грант қаражатын алу үшін өтінімдер үстіміздегі жылдың 20 ақпан – 3 наурыз күндері аралығында қабылданып, 16-17 наурыз күндері өткен комиссия отырысының шешімі негізінде 25 адамға қайтарымсыз грант қаражаты берілді. Оларға жалпы көлемі 34 500,0 мың тенге қаржы аударылып берілді. Негізінен, қайтарымсыз қаржы мал шаруашылығына және өзге де шағын кәсіп түрлерін ашуға ниет білдіргендерге беріліп жатыр.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі