АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында облыстық тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Әлімбекова Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылының Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылындағы Сейфуллина атындағы орта мектебінің қызметкерлеріне жаңа қазақ әліпбиінің Жетілдірілген жобасын түсіндіру мақсатында «Жетілдірілген жаңа әліпби» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар жетілдірілген әліпбимен танысып, диакритикалық таңбалардың атаулары, мағыналары, емле ережесі түсіндірілді. Семинар-тренинг соңында қатысушылар латын графикасында берілген сөздерді оқып, көздағдыларын қалыптастырды.
Қордай ауданының әкімдігі