«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «QazOnline» МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының тілдерді оқыту бөлімінің басшысы Ш.Бахытбек Қордай ауыданы орталық ауруханасының өзге этнос қызметкерлеріне қазақ тілін қарапайым деңгейде үйренуге арналған «QazOnline» мобильді қосымшасы насихатталды.
Қосымшада жаңа сөздер, оқылым, грамматика, жазылым, тыңдалым және өзін-өзі тексеру бөлімдері мен оларды бекітуге арналған тапсырмалар бар. Қосымшаны кез келген ауыл тұрғыны «Play Market» қосымшасы арқылы ұялы телефонына жүктеп, тіл үйренуге болатындығы түсіндіріліп, QR код арқылы жүктеу жолдары көрсетілді.

Қордай ауданының әкімдігі