Т.Рысқұлов ауданындағы екі ауылға таза ауыз су жеткізілді
Ауылды көркейту, ауыз сумен қамту, көгілдір отын жеткізу және халықтың әл-ауқатын арттыру — басты назардағы мәселе.
Бүгін Жаңатұрмыс және Қазақ елді мекендерінде тіршілік көзі — таза ауыз су нысаны пайдалануға берілді.
Бүгінде аудандағы 42 елді мекеннің 32 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Алдағы уақытта осындай игілікті жұмыстар жалғасын тауып, аудан халқын 2025 жылға дейін 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жамбыл облысы әкімдігі