СЕМИНАР – КЕҢЕС
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.
Семинарға аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Семинардың негізі мақсаты – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларды талдау бағытындағы өзекті мәселелерді және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының қолдану тәртібін қарау.
Жиын мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауынан басталды.
Бұдан кейін семинар кеңестің күн тәртібіне байланысты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелері бойынша Жамбыл облысы әкімі аппартының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу бөлімінің басшысы Боранбаева Ғалия Бектенқызына баяндама жасады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жиі орын алатын заң бұзушылықтар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанаділ Аманәліұлы Құрбанов айтып өтті.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларға талдау жүргізу мәселері бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Момынқұлұлы Молдашев баяндады.
Сонымен қатар, жиынға қатысқан Жамбыл облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Искакова Диана Ильясқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Тажиков Айдар Әмзеұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Тулеубаев Алмас Жұманұлы, ҚР «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкерлері Құдайқұлов Ғабит Тоқтағұлұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі