КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытовтың төрағалығымен Сарысу ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «Аудан аумағында өрт және улы газбен улану оқиғаларын алдын алу және шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жақсылық Танабаев баяндады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы аудан аумағындағы орман және дала өрттеріне жол бермеу бойынша атқарылуға тиісті жұмыстарды жандандыруды, елді мекендерде дала өрттерін сөндіру, олардың алдын алу жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жататындықтан бұл жұмыстарды ұйымдастыруды және бақылауды ауылдық округ әкімдеріне тапсырды.
Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға улы газбен улану оқиғаларының алдын алу және шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бағытындағы жұмыстарды қатаң бақылауға алу керектігін тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселе толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі