Жамбыл облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында өткен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі барысында ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, “China Power International Holding Ltd”, “SANY Renewable Energy” компаниялары арасында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаны іске асыруға бағытталған келісімге қол қойылды.
Келісімге сәйкес, Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы әзірленеді.
Қытай корпорациясы бұған дейін “Жаңатас жел электр станциясының” құрылысын сәтті жүзеге асырып, іске қосқан.
Компания бұл тәжірибені электр энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін қолдануға ниетті.
Сондай-ақ, аталған корпорацияның серіктесі — “SANY Renewable Energy” компаниясы облыста жел қондырғылары бағаналарын шығаратын зауыт салуды жоспарлауда.
Жамбыл облысы әкімдігі