ӘЖЕ ТӘРБИЕСІ-ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ДӘНІ

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, адамның бақыты балада деген екен. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаған.

Адам өмірінің мәні-өз ұрпағы, шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қыр-сыры мол қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй ішінен ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жанұяда балаға адамгершілікті, бауырмалдықты, әдептілікті, татулықты, қайырымды болуды қасиетті сөздерді балаға айтып отыру керек.

Иә, әжелер-даналықтың бұлағы. Әжелеріміз ертегі-аңыздарын, жыр-дастандарын айтып, немере-шөберелерін рухани жағынан сусындатса, аталарымыз ақ батасын беріп, өсиет-насихаттарын айтып отырған. Қай бала да әжесінің әлдиі мен ертегісін, ұлағатты сөздерін ести келе жақсы азамат болып өседі. Әйткенмен, бүгінгі таңда немерелеріне ертегі айтатын әжелер азайып кеткеніне алаңдаймыз. Бұл тұрғыда Әппақ әжеміздің немерелеріне өз ертегісі мен даналық сөздерін күнделікті бала бо-йына сіңіруде, жақсы қасиеттерді дарытуда жалыққан емес. Әппақ әжеміз «Айгөлек» бөбекжай- бақшасының ересек топ тәрбиеленушілеріне өзінің даналық сөздерімен салт-дәстүрлер туралы айтып түсіндірді. Қазақтың салт- дәстүрлерін ұрпаққа насихаттау мен үйрету менің парызым деп санайды. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі, сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор келешекте үлгілі отбасы иесі болғанын қалап тәрбиелеген. Балаларымызды Отансүйгіштікке ата-баба салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету, тәрбиелеу, баршаға бірдей міндет.

Б.Жарасбаева, Айгөлек бөбекжай-бақшасының әдіскері.