Тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдап, талап – тілегін тыңдады
Бүгінде халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тетіктері іске қосылуда. Солардың бірі тұрғындармен қоғамдық қабылдаулар өткізу.
Азаматтардың талап-тілектерін тікелей тыңдау арқылы билік пен бұқара арасы жақындауы тиіс.
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов Саудакент және Жаңаталап ауылдарында болып, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Ауыл тұрғындары жеке кәсіп ашу, қайтарымсыз грант қаражатын алу, жер және өзге де жеке мәселелер бойынша қабылдауда болды.
Сәкен Үмбетұлы тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, әр мәселенің заң аясында шешілу жолдарын тұрғындарға түсіндірді.
Әрбір жеке азаматтың тарапынан айтылған мәселе назарға алынып, бақылауда болатындығын айтты.
Кейбір мәселелерге байланысты ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
Сарысу аудан әкімдігі