ӨҢІРДЕ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Жамбылдық шаруалар биыл 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызып, дала жұмыстарын аяқтады.
Өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға ұлғайған егіс алқабының 216,3 мың гектарына жаздық масақты дәнді дақылдар, 72,1 мың гектарына майлы дақылдар, 44,8 мың гектарына көкөніс дақылдары, 18,8 мың гектарына дәндік жүгері, 16,9 мың гектарына бақша дақылдары, 11,8 мың гектарын картоп, 10,8 мың гектарына қант қызылшасы, 27,9 мың гектарына бір жылдық және 30,8 мың гектарына көпжылдық шөп себілді.
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 89,8 мың тонна тұқым толығымен қамтамасыз етіліп, 6893 дана ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға бөлінген 15,5 мың тонна дизель отыны 204-214 теңге аралығында таратылды.
Сондай-ақ, биылғы жылы егіс алқаптарына 54,0 мың тонна тыңайтқыш алу жоспарланса, бүгінгі күні шаруалар тарапынан 12,6 мың тонна тыңайтқыштар алынып, 31,6 мың гектарға ендірілді.
Дала жұмыстарына облыстағы 78 шаруашылық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,0 млрд. теңге несие алды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы