БАЛАБАҚША — “ҚАРА ШАҢЫРАҚТЫҢ” БЕСІГІ

 

Ұлттық тәрбие үй ішінен, бесіктен басталады. Ал балабақша табалдырығынан аттаған балаға алғашқы қоғамдық ортаның орны ерекше болуға тиіс. Ол, әрине, көйлегі көктікпен, тамағы тоқтықпен шектелмесе керек. Жан-жақты біілімді тәрбиешінің аялы алақаны, мейірімі мен махаббаты ауадай қажет.

Астана каласындағы N18 «Аяжан»
балабақшасында өткен рухани-танымдық іс-шара қатысушыларға да, ата-аналарға да пайдалы ой салды.


Әсіресе, “Қара шаңырақ” бірлестігінің басшысы Тұрар Сәттарқызы мен танымал тележурналшы Ләйла Сұлтанқызының мемлекеттік тіл жөнінде, балалар арналған хабарлар, өзге де өнімдер сапасы туралы өрбіткен әңгімелері көпшіліктің көңілінен шықты.

Сондай-ақ, балабақша жұмысын жетілдіруге қатысты тың ұсыныстар айтылып, талқыға түсті.

Шындығында, әрбір ата-ана Б.Момышұлының “Өз тілін сезбеген бала ана сүтін таппаған жетіммен бірдей” деген даналығын дәйім есте ұстағаны абзал.


Сонда ұлттық тәрбие мен дәстүріміздің негізі сақталатыны сөзсіз.

Дархан МЫҢБАЙ,
“Қара шаңырақ” қоғамдық кеңесінің төрағасы
ФБ парақшасынан