Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Бүгін 26 мамыр күні, Таир СҮ-де 20 мемлекеттік орган, 60 жұмыс беруші, 10 үкіметтік емес ұйым, құқық қорғау органдары мен прокуратура, пробация қызметі, Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы өкілдерінің қатысуымен қала жастары үшін ауқымды іс-шара өтті. Сондай-ақ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Л.Т. Акильжанова, Қарағанды қаласы полиция департаментінің басшысы Ш. А. Салин және Қазыбек би аудан прокурорының орынбасары К. С. Мұратов, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Консультативтік-көшпелі жәрмеңкеде қала жастары балалардың құқықтарын қорғау, балалардың жазғы демалысы, қамқоршылық мәселелері, жұмысқа орналасу, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау мәселелері, интернет алаяқтықтан қорғау мәселелері, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауының маңыздылығы және т. б. мәселелер бойынша консультациялар алып, заңнаманы түсіндірді жаяу жүргіншілер есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша профилактикалық консультациялар өткізді.
Бос орындар жәрмеңкесіне жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының түлектері, NEET санатындағы жастар, жұмыссыз тұлғалар шақырылды. Келушілерге 2600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Өткізілген іс-шарада 457 азаматқа кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде консультация берілді. Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша консультациялық жұмыс ұйымдастырылды. 86 азаматқа жұмысқа орналасуға жолдама берілді. Оның ішінде пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға 12 жолдама, алимент бойынша берешегі бар азаматтарға 9 жолдама берілді.