ЖӨТЕЛГЕ ҚАРСЫ ХАЛЫҚ ЕМІ
Жас баланың жөтелі қарсы: көлемі бірдей 1 алма, 1 пияз және 1 сәбізді үккіштен өткізіңіз. Оған 2 ас қасық бал қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Күніне 4-5 рет жылы (бөлме температурасында) 1 шай қасықтан беріңіз.
30 гр. мейізді қайнап, суыған суға 45 минут салып қойыңыз. Сосын сүзіп алып, мейізді ұйықтар алдында ыстық сүтпен жеп қойыңыз. Бұл өте қатты жөтелге де көмектеседі.
10 пиязды текшелерге бөліңіз, сарымсақтың 1 бөлігін ұсақтаңыз. Оған 500 мл сүт құйыңыз, жұмсарғанша пісіріңіз. Қоспаға жалбыз бен табиғи бал қосыңыз. 1 сағат тұндырып, сүзіп аоамыз. Күніне бірнеше рет 1 ас қасықтан ішіңіз.
2 ас қасық майда туралған алма, 2 ас қасық бал және 1 ас қасық майда туралған пияз. Бәрін араластырып, күніне 4-7 рет 1 шай қасықтан жейді.
2 дана жақсы піскен бананды ұсақтап, 200 мл ыстық су құйыңыз, 10 минут қайнатыңыз. Сүзіп, бал қосыңыз. Жылыдай ішіңіз.
Жарас ҚАСЫМ.
Фейсбуктегі «Ауырмаңыз» парақшасы.