Туристік-экспедициялық слеті өтті
Ұлытау ауданы аймағымызда туризмді дамытуға қолайы орта. Осы мақсатта ауданда жыл сайын ішкі туризмді насихаттауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.
Былтыр аудан аумағында «Этно ауыл» жазғы лагері жұмыс істеп, түрлі туристік слеттерге де жан-жақтан жастар жиналған болатын. Осы жақсы іс биыл да өзінің жарқын жалғасын тауып отыр. Жуырда Ұлытау аудандық білім бөлімі және Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» деген атпен туристік-экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің аудандық кезеңі өтті.
Слет «Өлкетану», «Туристік» және «Шығармашылық» кезеңдері бойынша өткізілді. Оған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 12 команда қатысты.
Жарысқа қатысушы командаларға аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Абдраимов жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Өлкетану кезеңі бойынша «Жас өлкетанушы» аталымымен №1 Ұлытау тірек мектебінің оқушылары Н. Абжамал мен Е.Обайдулина үздік деп танылды.
Туристік кезең «Туристік кедергілер жолағы» және»Жартасқа шығу» аталымдары бойынша №11 Қоскөл орта мектебінің оқушылары Н.Берлібек, А.Батырбек, Н.Төлеу, Ж.Бүркітбай, Д.Арынғазы, Н.Аман жеңімпаз атанды.
Шығармашылық кезеңі бойынша «Туристік әндер» байқауының қорытындысымен №15 Ж.Жабаев атындағы Қарсақбай мектебінің оқушысы Ф. Асан жеңіске жетті.
Сонымен қатар, слеттің туристік блогында кедергілер жолығанан «Жылдамдық» және «Қиындық» түрлері бойынша командалық жарыста №1 Ұлытау орта мектебінің командасы ІІІ орынды, №15 Ж.Жабаев атындағы Қарсақбай мектебі ІІ орынды, №11 Қоскөл мектебінің командасы І орынды иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған командалар арнайы дипломдармен марапатталды.
Туристік -кспедициялық слеттің негізгі үш бағытында үздік шыққандар облыстық кезеңге жолдама алды.
Ізтай Белгібайұлы.