ГЕНЕРАЛ

Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта» деп қазақтың хас батырларының өткен ғасырдағы жалғасы Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгінгі күннің батырлары туралы ғибратты әңгімелер ел мен жұрттың ортақ ұранына айналып, әулиеге теңелген батырлар мен абыз-ақылмандар ұлтымызда аз емес.
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткен салтанатты шарада жерлесіміз, Жамбыл ауданы Ерназар ауылының тумасы Нұрбол Сәбденбекұлына генерал-майор әскери шенін салтанатты түрде табыс еткен болатын.
Осы орайда, Нұрбол Міртаев туралы тоқсан орап айтса да көптік етпейді. Әскери қызметін 1993 жылдан бастап 30 жылға жуық осы салада түрлі басшылық қызметтерді абыроймен атқарып келеді.
Генералдың еңбек жолын жастарға өнеге ету мақсатында Ерназар ауылдық клубында Нұрбол Сәбденбекұлымен кездесу кеші өтіп, ауыл-аймақтан жастар мен тұрғындар арнайы келіп қатысты.
Бұрынырақта 8 бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан киелі мекен — Ерназар ауылының төл перзенті, ауыл мектебін бітіріп, талабына қанат байлап, әскери оқуға аттанған, бүгінде генерал-майор Нұрбол Сәбденбекұлы Міртаев елдің ықыласы ерекше болды.
Қатардағы курсанттан генералға дейінгі ұзақ жолда Отанға сіңірген қалтқысыз қызметтін жақсы білеміз. Мәскеуде және Қазақстанның бірнеше қаласында жауапты да лауазымды қызметтер атқарып, бүгінде «Орталық» өңірлік қолбасшылығы командирінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының штаб бастығы қызметінде жүрген азаматымыз ауылдағы ағайынды көріп, қуанып қалды.
Өмір жолындағы естеліктерді айтып, жастарға ақыл-кеңесін берді.
Бізде өз тарапымыздай атпал азаматты өмірге әкелген батыр анаға және өзіне құрмет көрсетіп, мерейін асырдық.

Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі