Бүгін Мойынқұмда…
1 маусым балалар күні мерекесіне орай Мойынқұм ауылындағы орталық алаңда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік кеш өтті. Өз кезегінде аудан әкімі Әлихан Балқыбеков мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, балаларды мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков Мойынқұм ауылындағы «Тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған шағын үй» орталығына барды. Аудан әкімі орталықтағы балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Орталық тәрбиеленушілердің мерекелік қойылымын тамашалап, өз ізгі ниетін білдірді.
Мойынқұм аулындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде соңғы қоңырау кеші өтті. Жиынға Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков қатысты. Аудан әкімі өз кезегінде мектептің қызметкерлеріне Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс хатын табыстап, жас түлектерге ізгі ниет тілектер мен ақ жол тіледі.
Мойынқұм ауданы әкімдігі