Жамбыл ауданында 16498 оқушы аяқтады

Жамбыл ауданында 2022-2023 оқу жылын аудан бойынша 16498 оқушы аяқтады. Оның ішінде 11-сыныпты 816 оқушы бітіріп, олардың 568-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. 19 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 58 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Жазда оқушылардың демалысын ұйымдастыру мақсатында 2372 баланы мектеп жанындағы лагерьге және 350 баланы қала маңындағы лагерьге жіберу жоспарланды.

Жамбыл ауданы әкімдігі