ТАЛАЙ ЖАНДЫ АЯҒЫНАН ТҰРҒЫЗҒАН «Луч» оңалту орталығына – 5 жыл
Бұл жалғанда адам баласынан асқан мықты жаратылыс иесі жоқ сияқты. Дей тұрғанмен, ең осалы да осы адам ба дейсің. Тағдырдың тауқыметімен түрлі жағдайларға тап болып, соның салдарынан төсек тартып, сал болып, күні кісіге қарап қалған жандар қаншама арамызда. Міне, сондай қиын жағдайға тап болған жандарды жаңа туған балаша өмірге бейімдейтін, қалыпты өмір дағдыларына оралуына ықпал етет бірден бір мекеме – оңалту орталығы.
Егер, өткен өмір жолдарымызды ой елегінен өткізіп қарар болсақ, кешегі «Бәрі де адам үшір, адамның игілігі үшін» деп ұрандатқан Кеңес өкіметі тұсындада мұндай оңалту орталықтары болмағанын аңғарамаз. Тек, шет елдердегі клиникалардың еңдеу тәсілдерін үйрене келе елімізде тоқсаныншы жылдардың ортасында ең алғаш мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтары ашыла бастады. Оның тиімділігін аңдаған мамандарда медицинаның өзге де салаларына осындай оңалтыу орталықтары керек екен-ау деген ой туындады. Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған орталық та осындай ойдан туындағын медициналық-әлеуметтік мекеменің бірі еді.
«Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған баспасөз-туры барысында «Луч» нейрооңалту орталығы 2017 жылы ашылған екен. Ол инсульттан, нейрохирургиялық және травмотологиялық оталардан кейін емделуді қажет ететін науқастарды қабылдайды. Жеке меншік пен мемлекеттік серіктестік жобасы арқылы өмірге келген аталмыш орталықтың Қарағанды қаласындағы бас бөлімшесінен басқа екі филиалы жұмыс істейді. Оның бірі Теміртау қалаларында болса, бірі осы – Жезқазған қаласындағы орталық. Әрбір филиал қажетті жабдықтармен жабдықталған және 25 төсекке есептелген.
Жезқазғандағы оңалту орталығы заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Атап айтқанда, мұнда ультрадыбысты диагностика, электрлі және магнитті емдеу аспаптары бар. Сондай-ақ, арнайы жабдықталған спорт бөлмесі де қарастырылған екен. Өйткені, қимыл-қозғалысы бұзылған жандар аяққа тұрып кету үшін спортпен айналысып, арнайы жаттығуларды жасауы қажет. Бұл олардың қан айналымын жақсартып, бұлшық еттеріне жан кіргізеді. Емделушілер үшін спорт бөлмесінен бөлек, ұсақ моторика дамыту бұрышы да қарастырылған. Дәрігерлердің айтуынша, инсульт алған кезде адамның миына зақым келеді. Ал, ұсақ маторика мидың қалыпты жұмыс істеуіне оң ықпал етеді.
Осы орайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігін де айта кеткен орынды болар. Өйткені, тағдыр тезіне ұшырап, денсаулығына ауыр зақым келген азаматтар оңалту шараларынан тегін өтеді. Бұрынғыдай ұзын сонар кезек те жоқ.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қоры іске қосылғаннан бері бұл мәселелер оң шешімін тапқан. Емделушілердің барлығына тегін қызмет көрсетіп отырмыз. Осы орталық ашылғалы кезек күту уақыты да айтарлықтай қысқарды. Бұрын үш ай күту керек болса, қазір бірнеше аптаның ішінде бізге келіп, орналаса алады. Мұнда, тек, жезқазғандықтар ғана емес, өзге облыстардың да тұрғындары ем қабылдауда. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Жалпы, тегін қызмет медициналық сақтандыруы бар жандарға және кепілдендірілген тегін медицналық пакет иегерлерінің бәріне көрсетіледі, – дейді орталықтың директоры Мұхамедрахым Оспанов.
Басшының айтуынша, оңалту орталығын жабдықтау барысында отандық және шетелдік медициналық мекемелердің тәжірибелері, ең тиімді әдістері жіті назарға алынған. Ем қабылдаушылар да дәрігерлер көмегіне көңілдері толатынын жеткізді.
Мұнда неврология және реабилитология саласының білікті мамандары, сондай-ақ медбике, массаж жасаушы, емдеу-денешынықтыру нұсқаушысы, логопед, кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.
Орталықтың негізгі міндеті – қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың даму деңгейін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Ал, оңалту мақсаты – зақымдалған органның немесе жүйенің бұзылған және жоғалған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру; алдын-алу және түзету, зақымдалған мүшелер немесе дене жүйелерінің функциялары, бұлшық ет тонусын жақсарту, аяқ-қол қызметін қалпына келтіру, науқасты күнделікті және жұмыс істейтін физикалық белсенділікке бейімдеу мүгедектіктің алдын-алу және төмендету, өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
– Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы өз саласында бірегей болып табылады, онда қалпына келтіру емі мен оңалтудың жаңа батыс технологиялары енгізіліп, тиімді қолданылады. Инсульттің, бас сүйек-ми немесе жұлын жарақатының, аварияның немесе жазатайым оқиғаның, омыртқа ауруларының салдары, миокард инфарктісі адамның денсаулығына ауыр соққы жасайды, үйреншікті өмір салтын, құндылықтар мен бағдарларды күрт өзгертеді. Егер емдеу міндеті – науқастың өмірін сақтау болса, онда орталық мамандарының күш-жігері жарақаттың немесе аурудың нәтижесін жақсартуға, асқынулардың алдын алуға, сауығуды жеделдетуге бағытталған. Орталықта кардиореабилитация, нейрореабилитация, омыртқа ауруларымен ауыратын науқастарды оңалту, жарақаттан кейінгі оңалту және қалпына келтіру іс-шаралары жүргізіледі, – дейді Мұхамедрахым Оспанов өз әңгімесінде.
Әңгімеміздің басында айтып өткеніміздей, орталықта сырқатының сипатына, жасына қарай қызмет көрсету үшін заманауи медициналық, өндірістік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылардың спортпен айналысуына барлық мүмкіндік қарастырылған.
– Мұнда мамандар қызмет алушыларды ыждағаттылыққа, өз-өзіне қызмет көрсетуін жетілдіру, жаны жаралы жандардың өмір сүруге деген құлшынысын оятып, дүниетанымын кеңейту, еңбек ету қабілетін арттыру бағытында жұмыс істейді. Олар келушілерге тек медициналық және оңалту шараларын жүргізумен шектелмейді. Мұнда келетін адамдар – ерекше жағдайдағы жандар. Сондықтан мамандар олардың әрқайсысының ерекшеліктеріне сәйкес арнайы жоспар бекітіп, сол бойынша жеке-жеке жұмыс жасайды. Қызмет алушылардың әр сағаты, әр сәті жоспарланған. Таңертен арнайы жаттығулар жасаумен басталатын әр күн түрлі ем-шараларға толы. Олардың қимыл-қозғалысын дамыту мақсатында мамандарымыз уақытпен санаспай жұмыс істейді. Медициналық, психологиялық қызметтер дәрігердің нұсқаулығымен әр адамның жағдайына қарай жүргізіледі. Қимыл – қозғалысынан айырылған адамдар үшін массаж, басқа да қалпына келтіретін ем-шаралар тағайындалады. Бұл мақсатта механотерапия қимыл-тірек қозгалысы бұзылған кісілерге жүруді үйретеді. Арнайы құрылғы арқылы арбаға отырған кісіні алдымен тұруға машықтандырады, – дейді орталықтың аға медбибісі Салтанат Мусипова.
Орталықтағы тағы бір ерекшелік мұнда аспалы слим-жүйені құрылған. Бұл құрылғы тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған науқастарды тез және жайлы оңалтуға ықпал етеді екен.
– Қарағандыдағы орталықта Қарағанды медициналық университетінің студенттері арасында мейкатон өткізілді. Осы мейкатонның қатысушылары, медицина университетінің студенттері осы аспалы жүйені ойлап тауып, оны сол оңалту орталығының емдек-денешынықтыру залында оны орнату туралы өтініш білдіреді. Бұл жүйе фирмалық қондырғылардан кем түспейді. Біз де осы жүйені пайдаланып отырмыз. Бұл кәдімгі «страховочный трос» сияқты дүние, – дейді директор орталықтың кабинеттерін аралата жүріп.
Біздің бір ұққанымыз, ең негізгі бұл жерде физиоемдеу жүргізіледі. Түрлі тоқтармен емдеп, дене талшықтарын оятады. Массаж жасау арқылы ем қабылдайды. Өміріне шектеулілік енген адамдардың күнделікті қалыпты өмірі мен жұмысына қайта оралуына көмектеседі. Мұндай мүмкіндіктерге тек Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары ғана ие емес. Міндетті әлеуметтік медицициналық сақтандыру арқылы еліміздің кез-келген өңірінің халқы да келіп ем қабылдауына болады. Бүгінгі күні мұнда қанаттас жатқан Қаражал қаласынан, Жәйрем кентінен, Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарынан да сырқаттар келіп ем алуда. Нейрооңалту орталығы 25 орынға шақталған. Заманауи орталықта басы мен беліне ота жасалған және инсульт алған азаматтарға 10 күн бойы ем-дом көрсетіледі. Медициналық мекемеде электрофарез, массаж және физиотерапия кабинеті бар.
Мұндағы білікті мамандардың шапағатына кенелгендердің бірі Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылынан келген Сәбира апай. Инсульт диагнозымен ем қабылдап жатқан науқас «денсаулығым күн санап жақсарып келеді», – дейді.
Ал Жезқазған қаласының тұрғыны Қуаныш Әблідинова өзінің біраяқ, бір қолынан жан кетіп, кісінің көмегіне қарап қалғанын, алайда қазір жағдайының жақсарып келе жатқанын айтады.
– «Луч» орталығына осымен екінші мәрте келіп отырмын. Қызмет көрсету сапасы жоғары. Бәрі көңілдегідей. Бұйыртса, сырқатымнан құлан-таза жазылып кететініме сенімдімін. Қазір денсаулығым жақсарып қалды. Өзім жүріп-тұра аламын. Халыққа осындай жағдай жасап отырған орталықтың ұжымына айтар алғысым зор, – дейді емделуші.
Берекелі істің басында білікті басшы тұратыны белгілі. Бұл орайда оңалту орталығының басшысы Мұхамедрахым Оспанов өз ісінің шебері, ұтқыр ойлы басшы деуге негіз бар. Сондықтан саланың қыр-сырына қанық екені сөзсіз. Оның бойындағы ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, көпшілік қасиет ұжымды ұйыстырып, берекелі тірлік тінің тарқатуға септігін тигізуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік жасап, олардың оңалуына үлес қосып отырған орталықтың алға қойған мақсаты да айқын.
Осындай орталықтың біздің облысымызда ашылып, қызмет көрсетіп жатқанына да биылғы бес жыл болып отыр. Осы сала қызметкерлерінің арқасында тіршілік тынысы тарылып, өмірлік қиын жағдайда душар болған қамкөңіл жандар өмірге бейімделіп, еңсе тіктейді. Айналасынан жәрдем күтетін жандардың қайғысы мен қиындығын бірдей бөлісіп, еңсеруге бірге атсалысып жүрген сала қызметкерлері үлкен құрметке ие. Атап айтар болсақ, невропотолог – Жандос Жакупов, нейрохирург – Жанат Қаппасов, реаблитолог – Тимур Коробейников, логопед – Жанар Ибраева, психотерапев – Татьяна Рощупкина, массажистер – Жанна Келесова мен Айжан Өмірзақовалар емделушілер қашанда риза.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, осыдан 5 жыл бұрын жұмысын бастаған Жезқазған қаласындағы «Луч» нейрооңалту орталығы бүгінде танымал емдеу-сауықтыру мекемесінің біріне айналды. Оңтайлы орталық Ресей мен Норвегияның ең озық аппараттарымен жабдықталған. Бұл жерде 7 тәжірибелі дәрігер мен білгір мейірбикелер жұмыс істейді. Кешегі коронавирус карантині кезіндегі кедергілерге қарамастан нейрооңалту орталығы 600-ден астам адамды қабылдапты. Келешекте олар бірнеше жүздеген жандарды емдеп-сауықтырып аяқтарынан тұрғызбақ.
Ізтай Белгібайұлы.