Тәуелсіздік толғауы немесе қолда барда алтынның қадірі жоқ

 

(Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады)

Қазақстан, туған елім – мақтаным,

Арайланып атқан алдан ақ таңым.

Сенің арқаң еңбек етіп алаңсыз,

Тыныш ұйықтап, тірлік кешіп жатқаным!..

                                                                Автор

«Әлемге аян Қазақстан картасы,

Алтыннан да қымбат маған әр тасы».

Жетістікке жеткеніміз бүгінгі,

Елбасы мен Тәуелсіздік арқасы!

 

Азып-тозған елім, жерім түлесін,

Деп жүргізді ата-бабам күресін.

Ленин ата, Социализм – деп жүріп,

Мәңгүрт болған жағдайды елім білесің?!.

 

Ауызынан қайтқан талай азаптың,

Тағдыры бар, тарихы бар қазақтың.

Қалай ғана ұмытамыз ерлігін,

Казактармен тірескенін «Азаттың»!

 

Желтоқсанда сезбей күннің ызғарын,

Талқандаған үстемшілдік мұз-қарын.

Қалай айтсақ үлгі етуге тұрады,

Қазағымның қайсар ұл мен қыздарын.   

                     

Қызықпайтын, таласпайтын таққа да,

Пысқырмайтын атаққа да, баққа да,

Хасен батыр үш жүз адам апарған

Керек болса, Таулы Қарабаққа да.

 

Елемейтін ыстық-суық, от-қарды,

Жүрегінде намыс деген от барды,

Тәуелсіздік деген сөзді ерте айтып,

Композитор Қожа-Ахмет сотталды.

 

 «Атаман» деп өздерінше «бастықты»,

Жасаған соң кейбіреулер қастықты.

Айсұлулар сескенбестен өлімнен,

Жатты Оралда жариялап аштықты.

 

Ер боп туған Қыпшақ деген атадан,

Гамзатов пен Айтматовтан бата алған.

Ақтап алды Мұхтар ағам қазақты

 Мәскеуліктер кезде «ұлтшыл» атаған.

 

Жимай жатқан кезде әлі-ақ есімді,

Бастады алға Елбасы өзі көшімді.

Құбыжыққа айландырған ұлтымды

Полигонның мәңгі үнін өшірді.

 

Елемейтін ыстық-суық, от-қарды,

Жүрегінде қоздатқан сан шоқтарды,

Елбасымыз ұшырды алғаш ғарышқа,

Түркілерден Әубәкіров Тоқтарды.

 

Сейілтем деп басқа төнген мұнарды,

Жымысқының сырын ұғып тым арғы.

Бодандықтан құтылудың бір жолы,

Тұңғыш рет төл теңгемді шығарды.

 

Бар қазақтың түпкі арманын түлетіп,

Ана тілін басқа тілден ірі етіп,

Заң шығарған құрметтеуге, қорғауға,

Қазақ тілін Мемлекеттік тіл етіп.

 

Елбасымыз болғаннан соң ақылды,

Дос қып алды алыспенен — жақынды.

Ұлт тағдырын ойлаған соң Отанға,

Шетте жүрген қандастарды шақырды.

 

Күннен-күнге әл-ауқатым төмендеп,

Отырғанда әркімге бір елеңдеп,

Қытай, орыс, өзбекпен, қырғызбен,

Шекараны алдық мәңгі шегендеп?!.

 

Арқадағы бетке ап Нұра, Есілді,

Десе де ел «Ақша жоқта есірді»,

Тұтастығын сақтау үшін жерімнің,

Алматыдан астананы көшірді.

 

Тартып ұлттың өкілдерін бауырға,

Төтеп берді талай, қарлы-дауылға.

Дінбасының бәрін қайта оқытып,

Мешіт салды аудан түгіл ауылға.

 

 Саналы ой, келтірген соң  шабытты,                        

Астананы бар әлемге танытты.

Ел бірлігін нығайтудың тетігі,

Ассамблей біріктірді халықты.

 

Өз Отанын жамандайтын тексізді,

Беттен қақпай, шындыққа көз жеткізді.

Танысын деп қазақ елін бар әлем,

Саммитті де Астанада өткізді.

 

Шын мәнінде құрметтейтін тілдерді,

Жастарымыз, үш тіл біліп үлгерді.

Тағы да сол Елбасының еңбегі,

Астанаға жиған барлық діндерді!

 

Отыз елмен теңестірер жоспардың,

Негізгісі «Ұлт жоспарын» қостармын.

Көрсеткіші жарқын болашағымның,

Шет елде оқып жатқандары жастардың.

 

Болса да сан шұбырынды ақ табан,

Ата-бабам салт-дәстүрді сақтаған.

Поезд, кеме, елімізде жасалып,

Пайда болды автокөлік, «автобан!?».

 

Ұлт мүддесін намысына жаныған,

Қазақ елін бүкіл әлем таныған.

Мақсат етті қатарына қосуға

Әлемдегі елу елдің дамыған.

 

Бұл сөзімді қолдамасын, қолдасын,

Шындықты айту бала жастан жолдасым.

Біріккен Ұлт Ұйымында ең алғаш,

Ана тілде сөз сөйледі Елбасым!.

 

Атса болды тыныштықтың ақ таңы,

Жетістіктің бәрі елімнің мақтаны.

Отанымның мәртебесі емес пе,

ЭКСПО – ға дайындалып жатқаны?!.

 

Көрсетем деп өзгелерге күшімді,

Ресей мен АҚШ қанша «қышынды!»..

Қытайда өткен Үлкен Саммит кезінде,

Елбасымыз «Ядролық қарусыз

әлем құру» жолын тағы ұсынды!!.

 

Қарттары абыз, ұл-қыздары көрікті,

Елестетер тоты құс пен елікті.

Кім білмейді Қазақ атын танытқан,

Илья мен Гена, Ислам, Серікті.

 

Жастарымыз  шеттерінен талантты,

Қазақ атын бар әлемге таратты.

Кім білмейді өнерімен тәнті еткен,

Айман, Алан, Майра және Маратты!?

 

Күнтізбені қарар болсақ қайта ашып,

Ерлерім көп: бірі Ғазиз Байтасов.

 Ұстаймын деп жанкештіні Таразда,

Шейіт болды лаңкеспенен айқасып.

 

Күндіз-түні табанынан сыз өтіп,

Тәртіпсіздің тәртіптерін түзетіп.

Сақшылар мен Сарбаздар жүр көз ілмей,

Тәулік бойы тыныштықты күзетіп.

 

Мұсылманбыз шариғатты жаттаған,

Халықпыз ғой салт-дәстүрді сақтаған,

Алһамдулла – Мұхаммедтің үмбеті

Қазақ болып туғаныма мақтанам!

 

Халықпыз ғой салт-дәстұрді сақтаған,

Мұсылманбыз Хадистерді жаттаған.

Қасым, Талғат Бауыржанды атаса,

Қазақ болып туғаныма мақтанам!

 

Халықпыз ғой салт-дәстұрді сақтаған,

Мұсылманбыз Хадистерді жаттаған.

Атағанда Әлия, Мәншүк, Хиуазды,

Қазақ қызы осындай деп мақтанам!

 

Кеш болса да Егемендік алғаным,

Неге айтпаймын  жұлдызымның жанғанын.

Мақтан тұтам қазақ елі — жері мен

Тілін, дінін, ұлтын сақтап қалғанын. 

 

Көрші қылған қытай және орысты,

Тағдырымыз талай ұлтпен тоғысты.

Есімізден шығаруға бола ма,

Ашаршылық, төңкеріс пен соғысты!?.

 

«Жау жоқ деме жар астында жасанған».

«Жағымпаз көп, шаш ал десе бас алған»

Жамандайтын елін, жерін, Елбасын,

Сатқындардың әдеті ғой қашаннан.

 

Қарабастың қамы атын оздыру,

Хас дұшпандық – ұлт намысын қоздыру.

«Бөліп алып билеу» түпкі мақсаты,

Ұлтымыздың көзін жою — тоздыру.

 

Өз басының жоқ болған соң талғамы,

Сөздерінің шындықтан көп жалғаны.

Көрінгеннің айтқанына иланып,

Кейбіреулер сұңқар дейді қарғаны.

 

Өз қолына алып, тізгін, шылбырды,

Қай партия осындай іс тындырды?

Ал солардың серкесі мен еркесі,

Қашан жеке «шөптің басын сындырды?!».

 

Қосып елдің дамыуына үлесті,

Жасап жүрген жемқорлармен күресті.

Қарапайым жұрт қолдайтын партия

«Нұр Отанмен» талай мықты тіресті!..

 

Қиын кездер төзімімді шыңдаған,

Көнбіс халқым иілмеген, сынбаған.

Қай заманда қатар тұрып қазақты

орыс, қытай, ағылшындар тыңдаған!?

 

 Мақтағанның бәрі жақсы көргенше,

 Көзді жеткіз, жалған сөзге ергенше.

Ел болудың жолын көрсет ағайын,

Барды көрмей, жоқты айта бергенше!

 

Не қыламыз тілеп басқа сұмдықты,

Жаратқанға жасайықшы құлдықты.

Барды – бар деп, жоқты – жоқ деп тура айтып,

 Мойындаудың өзі ерлік – шындықты!..

 

Зияны жоқ, демей өткен салқынның,

Тәуелсіздік туын көтер, талпынғын.

Сарай салып, қос машина мінгендер,

Қадірін біл, қолда барда алтынның!!.

 

Қызғанштың жүрген жері күнде өсек,

Кім боламыз – жұрттың бәрін тілдесек?!

Ұлы Отанды қалай ғана қорғаймыз,

Дос-дұшпанды ажырата білмесек! 

 

Жақсылықтың бәрін-бәрін тамамдап,

Сатқындар жүр өз Отанын жамандап.

Елдің шырқын дайын тұрар бұзуға,

Арамызға ши жүгіртіп, амалдап.

 

…Иә, бүгін жұрттың бәрі бай емес,

Жегендері қазы-қарта, май емес.

Елді сатып, жерді сатып шет елге,

Қашатындар қазақ деуге сай емес.

 

Ел болудың жолында аққан қан аз ба?

Кім салмады бізді талан-таражға!

Айранды ішіп, астауымды төңкерген,

Ел басқарттық талай сатқын «сабазға».

 

Мезгілінен кім пісірер жемісті?

Нәтижеге қоса алмайсың жоқ істі!

Сөнуінен – шығуы  оңай өрттің де,

Тоқтатудан – бастау оңай соғысты!!!.

 

Айтаққа еру әдеті бар наданның,

Бірдей емес көз қарасы адамның.

Армандау мен Тәуелсіздік алуды,

Талай-талай басы кетті бабамның!

 

Адал еңбек етіп жүрген бауырым,

Сақтап-ақ жүр тыныштық пен сабырын.

Жастар біле қоймаса да аға ұрпақ,

Ұмытпайды тыныштықтың қадірін!

 

 «Ерегіскен еркек оңбас қатынмен»,

Деген бабам «жағаласпа жақынмен».

Жердің дауы, жесір дауы қашанда,

Шешіледі парасат пен ақылмен.

 

Бірлік қымбат – дәреже мен тақтан да,

Аңқау түсер елден бұрын қақпанға!

Ей ағайын! Есіңді жый, аптықпа,

Еліңді әлем танып келе жатқанда!..

 

Ей ағайын! Ойлан босқа дүрлікпе,

Тыныштыққа не жетеді тірлікте!?

Ұлы Отаным болсын десең мәңгілік,

Жеңіс кілті әр қашанда БІРЛІКТЕ!!!

 Сланқожа ҚАРАҚЫСТЫҚ

Отставкадағы полиция полковнигі,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері