Ауыл әкімі тұрғындарға тегін құдық қазып беруде
Бақша өнімдерін өсіріп, шаруаларын ширатып отырған кәсіпкерлер ауылда күн санап артуда. Мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант оларға едәуір көмек болса, ауыл әкімі де құдық қазып, өз қолдауын біліруде.
Мәселен: Талас ауданындағы Сәду Шәкіров ауылының әкімі жылыжай жасап, үй іргесіне бау- бақша егемін деген тұрғындарға тегін құдық қазып беріп отыр.
Айта кетейік, су тапшылығын болдырмау үшін ауыл әкімі былтырғы жылы шаруаларға 20 құдық қазуға мұрындық болса, биыл 15 құдық қазуды жоспарлап отыр. Қазылған құдықтың тереңдігі 10-15 метр екен.
Jambyl TV