Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру
«Байзақ адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Өсерқызы Асылзат «Аудан спортының ахуалы» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырды.
Эфирде аталған тақырыпта аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров сұхбат берді. Тікелей эфир барысында Ерік Қамбарұлы аудан спортының қазіргі жағдайына, спортшылардың жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ спортшыларды даярлайтын кәсіби мамандар жеткілікті ме, спорттық іс-шаралар қаншалықты жиі өткізіліп тұрады, спортшылардың жарысқа қатысу мүмкіншіліктері қандай деген сауалдарға жауап берді.
Мемлекеттің негізгі ұстанған саясаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру. Осы орайда, аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар қаншалықты тартылған және алдағы уақытта оларға аса мән берілетінін баса айтты. Сыбайлас жемқорлық бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, «Байзақ адалдық алаңының» мақсаты — тұрмыстық жемқорлықты жойып, азаматтарға қолайлы орта құру, тұрғындардың сауалдарына нақты әрі жедел жауап беру.
Осы тұрғыда аудан әкімдігі бөлімдері және ауыл, ауылдық округ әкімдерімен тікелей эфир ұйымдастырылып тұрады.
Байзақ ауданы әкімдігі