АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов жұмыс сапарымен аудан орталығынан шалғайда жатқан төменгі Шу бойындағы Қамқалы ауылдық округінде болды.
Аудан басшысы жұмыс сапарында ауылдық округке қарасты Шығанақ, Қамқалы және Жайлаукөл ауылдарында болып, ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, әлеуметтік нысандарды аралады.
Биыл туғанына 180 жыл толып отырған ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының Қуаралдағы бейітіне барып, жағдайын көрді.
Содан кейін аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы әр ауылда тұрғындарымен кездесіп, ауылдықтардың көкейлерінде жүрген өзекті сауалдарын тыңдап, өзара пікір алмасты.
Аудан басшысы округте бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау барысында көзкөрген олқылықтарды ретке келтіру, ауыл ішіндегі тазалықты, әлеуметтік нысандардың жағдайын, инфрақұрылым желілерінің (су, жарық т.б) толық жұмыс істеп тұруын, ауылдағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстауды округ әкіміне тапсырды.
Сонымен қатар, ауылдық округте көші-қон саясатын тұрақтандыру мақсатында ауылға сырттан отбасыларды тарту, жергілікті тұрғындардың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатыса отырып, мал шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, жеңілдетілген пайызбен несие алу, «Дипломмен ауылға» жобаларын пайдалана отырып, ауылдық жерде кадр тапшылығын болдырмау сияқты жұмыстарды округте іске асыру бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі