«Туризм, сауда және қызмет көрсету» кеңесінің кезекті отырысы

Кеше Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Мәдібек төрағалығымен «Туризм, сауда және қызмет көрсету» кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста, Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының өкілі В. Батуева — Шу ауданының аумағында орналасқан археология ескерткіші — Баласағұн қалашығына(VI-XIII ғғ.) қатысты проблемалық мәселені көтерді, онда лайықты инфрақұрылымның болмауына байланысты туристердің археология ескерткішіне баруы қиын екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, Тараз қаласында жастар туризмін дамыту барысында, Орал қаласы мысалында, балалар мен жасөспірімдер туризмі станциясының жоқтығы туралы мәселені айтып өтті.
«Қаралма» ЖШС директоры Б.Т. Махатова туристік нысан – «Тобышақты» этноауылын құру мәселесін көтерді, ол кешеннің асыл тастарының біріне айналуы мүмкін екендігін, сондай-ақ, оны Жуалы ауданында – облысымыздың ең әдемі жерлерінің бірі, тау шаңғысы базасымен қатар жүзеге асыруға болатынын ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық проблемалық мәселелер облыс әкімінің орынбасары хаттамасына енгізіліп, салалық ЖАО-ға проблемалық сұрақтарды шешу бойынша ұсыныс беру туралы тапсырма берілді.

Еркин Атымтаев, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры