Қордайлықтар тасаттық беріп жатыр
Тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, құран оқылып, жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады.
Биылғы қуаңшылықтан жүдеу болған қордайлық шаруалардың жағдайын басты аудан басшылығы назарда ұстауда. Тасаттық беру туралы ұсынысты барлық ауылдық округтердегі зиялы қауым өкілдері қолдай кетті. Сонымен, бүгін аудандағы бірнеше ауылдық округте мал сойылып, құран бағышталып жатыр. Мәселен, Қордай ауылындағы Ноғайбай би атындағы атшабарда, Еңбек ауылына кіре беріс алқапта, Қарасуда өзен жағасында, Аралдағы мешіттің аумағында, Бетқайнарда канал жағасында, Сарыбұлақта канал бойында және Қайнарда Шу өзені жағасында, Жамбыл ауылындағы «Әл-Хафиз» мешітінде ел жиналып, қақпатастықтар Алтынбұлақ каналының бойында, беріктастықтар егістік басында, Алға ауылына кіре берісте, Сортөбеде Шу өзені жағалауында және Масанчидағы Қарақоңыз су қоймасының бойында халық бас қосты. Бұл күні мал сойылып, мұқтаж азаматтарға таратылса, барлығы діни рәсімге ауданның жүздеген тұрғыны қатысып, дұға тіледі.
Қордай ауданының әкімдігі