АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ ҚАРАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді Қоғамдық кеңес отырыстарының қарауына ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымының келісісімен және аудан әкімімен «Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.
Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 27 маусымында Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысыны у.м.а К.Рахатқызының және Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е.Байболсыновтың 2022 жылы және 2023 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша есептері тыңдалды.
Қоғамдық кеңестің төрайымы мен мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсынымдар енгізілді. Қоғамдық кеңес отырысы хаттамаланып, хаттамалық тапсырмаларға сәйкес, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Меркі Ауданы Әкімдігі