ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар бірқатар мәселелерді көтеріп,өтініштерін жеткізді.
️Атап айтқанда, Көлбастау, Дихан, Бауыржан Момышұлы ауылынан келген тұрғындар тұрақты тұрғын үй мәселесі, Қайрат ауылынан келген тұрғын тұрақты жұмысқа орналасуы мәселелерін шешіп беруді сұрады. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауға ауыз су және қамқоршылық кеңес бойынша да тұрғындар өтініш білдірген.
️Аудан әкімі тұрғындардың өтінішіне назар аударып, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Тиісті сала басшыларына тұрғындар өтінішін қанағаттандыру мақсатында тапсырмалар берді.

Жуалы ауданы әкімдігі