Ойлы әңгіме
Ерлі ~ зайыптылар арасында аяқ астынан ұрыс шықты. Арты жанжалға ұласып, отағасы жан жарын қатты ренжітті. Күйеуінен көңілі қалған əйел жылап отыра кетті. Сол-ақ екен, сыртқы есіктің қоңырауы басылды. Əйелі есікті ашқан еді, келіп тұрған өз туыстары екен. Олар бірден жылаған қыздарын көріп, не болғаны туралы сұрай бастады. Сонда əйелі: «Жаңа ғана сіздерді есіме алып, көзіме жас алып мұңайып отыр едім. Алла Тағала қалағанымды сұрамай-ақ бергенін қарасаңыздаршы!» деді шаттанып. Мұны естіген күйеуінің жүрегінде əйеліне деген сый-құрмет әп сәтте-ақ іріленіп сала берді. Әрі қуанды, әрі өкінді. Ақылды жарының жанұялық сырды ешкімге жаймауға тырысқан тапқырлығы таң қалдырды.
Жел ал
Отбасына қорған болатын есті еркектер мен жаны ізгі ақылды әйелдер көбейе берсін.