ДОМБЫРА КҮНІНДЕ ЖАМБЫЛДЫҚ 150 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ОРЫНДАДЫ

Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен “Жеңіс” саябағында өткен “Домбыра — дастан” мерекелік іс-шарасында қазақ күйлері күмбірледі.

▫️Ұлттық домбыраны ұлықтауға арналған кешке К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен домбыраны жанына серік еткен 150 өнерпаз қатысты.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы мен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қала тұрғындарымен бірге концертті тамашалады.
▫️Домбыра party-да Құрманғазы Сағырбайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Әбдімомын Желдібаев, Аман Малдыбаев т.б. белгілі күйші-композиторлардың шығармалары орындалды.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілді. Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
▫️Айтулы мерекені ел көлемінде атап өтуде жамбылдықтар бесінші мәрте белсенділік танытып өз үлестерін қосты.

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі