Түркілер қағидасы
1. Әрқашан есіңде сақта, сен – көне және бекзат (текті) халықтың ұрпағысың, сондықтан жарамсыз іс-әрекет істеуге хақың жоқ.
2. Өз халқың мен өлкеңнің тарихын біл – бұл білім (даналық) рухыңды нығайтып, жаныңды ұлықтандырып, өмірдегі қиын-қыстауда күш (қайрат) беретін болады.
3. Өзіңді адаммын деп өз халқыңның тілін, салт-дәстүрін және шеберлігін меңгермегенше санама.
4. Ұлы ата-бабаңа лайықты болу үшін әрқашан дене мен рухыңды жетілдір, денсаулығыңды шынықтыр.
5. Руыңның негізін қалаушысына дейін шежіреңді біл де есте сақта. Үлкендерге құрметпен, ал өзіңе өмір сыйлаған ата-анаңа одан да асқан құрметпен қара.
6. Ата-бабаның ең жоғарғы уағызы ретінде ақиқатты меңгеріп ал – адамның ұлылығы ешқашан байлықпен емес, Отан үшін берілген (пида етілген) қайрат пен еңбек шамасымен өлшенген.
7. Өмірде барлық жасаған жақсылық пен жаманның өзіңе еселеп қайтатынын әрқашан есте сақта.
8. Әңгімелескенде сөйлегеннен көбірек тыңда, және ешқашан мақтанба. Адамдардың ішінде сенен ақылдырақ және күштілер де бар.
9. Дау-дамай мен ұрыс-керістен аулақ бол. Ақымақпен ұрыста өзің ақымақ боласың, ал ақылды (дана) сұхбаттасты тыңдап шығу өзіңе игі.
10. ОТАНДЫ сансыз рет құртқан «Оның менен не артықшылығы бар?» деген ойдан сақтан, егер отансүйгіш болсаң мұны іспен дәлелде.
11.Ас пен ішуде ынсапты бол. Мереке мен ас беру мешкейлік үшін сылтау емес.
12. Қалыңдықты (жарды) түр-әлпеті мен денесіне ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойы мен абыройының бар болуына, отбасының дістүрі мен тегіне қарап таңда.
13. Ұрпаққа қамқор болу мен балалардың рухын мықты етіп тәрбиелеу – әр адамның ардақты міндеті.
14. Ешқашан ешкімнің ұлты мен діни сезімін (тиістілігін) жәбірлеме. Әр халық – Құдайдың сыйы.
15. Әрқашан әр жерде абыройлы бол. Аштық та, суық та, өлім үрейі де рухыңды түсірмесін!