Медициналық аппараттар жаңаруда

ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРІП ОТЫР. «ҰЛТ САУЛЫҒЫ ЖАҚСЫ БОЛСА ҒАНА, ҚОҒАМ ОРНЫҚТЫ ДАМИДЫ», ДЕДІ ПРЕЗИДЕНТ.

Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, сырқаттармен жұмыс істерде, алдымен ауруды ерте сатысында анықтау маңызды. Бұл істе скринингтердің көмегі зор. Денсаулық сақтау саласында қабылданған «2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру, ауруды ерте сатысында анықтау және алдын алу мақсатында 2022 жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін скринингтер енгізілді.

Ш у ауданындағы ауыл халқына 3 0 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның ішінде бір аудандық орталық аурухана, бір аудандық орталық емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушериялық пункт және 7 медициналық пункт бар. «Халықты тіркеу регистрі» бойынша халық саны 56249 адамды құрайды.

Аудан халқына 84 дәрігер қызмет көрсетсе, оның 52-сі дәрігер, ол жалпы медицина қызметкерлерінің 61,7 пайызын құрайды. «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында соңғы 3 жылда 15 жас маман қабылданып, жұмыс істеуде. Техникалық-экономикалық көрсеткіші бойынша медициналық техникамен және медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау деңгейі 98,28 пайызды құрайды.

Биыл техникалық базаны жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, биыл 62 медициналық аппарат пен құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп отыр. Оның ішінде 2 дана аудиологиялық скринингке арналған аппарат, 2 дана балалар мен жаңа туған нәрестелерге арналған желдеткіш, 4 медициналық көпфункционалды төсек, 1 ультрадыбыстық сандық-диагностикалық сканер, портативті доплер функциясы бар.

Одан бөлек, бір тасымалдау инкубаторы, 5 дана жаңа туған нәрестелерді санитарлық тазартуға арналған үстел, 2 дана жедел акушерлік-гинекологиялық көмекке арналған «МТ» хирургиялық аспаптар жинағы, 3 транскутанный билирубинометр, 3 фетальды монитор, 5 акушерлік орындық- кереует, 6 дана медициналық аспиратор, 2 дана балаларға арналған инфрақызыл жылытқыш, 6 дана дефибриллятор мониторы, 2 хирургиялық операциялық шам, 5 төс ек жанындағы неонатальды монитор, 2 операциялық үстел, 5 дана неонатальды фототерапия жүйесі, 5 электронды таразы, 1 қан газының анализаторы науқастарға қызмет көрсетеді.

Бүгінге дейін тәулік бойы стационарда емделіп шыққан науқастар саны – 2301 адам. Күндізгі ем қабылдау бөлімшесінде 106 төсек бар, оның 38-і ауруханада болса, 68-і БМСК бөлімінде. Онда емделіп шыққандар саны – 1486 адам.

Бұйрыққа сәйкес, скринингтер белгіленген жастағы сүт безінің, жатыр мойнының, тоқ және тік ішек қатерлі ісігі, қан айналымы жүйесі, қант диабеті және глаукома бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, қан айналымы жүйесі, қант диабеті және глаукома бойынша жоспарланған 5304 адамның 3721-і қамтылып (70,1%), одан 191 сырқат анықталған. Сүт безінің қатерлі ісігін анықтау скринингінің жоспары – 2693, қаралғаны – 1213 (45%), анықталғаны – 40.

Жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтау скринингінің жоспары 2757 болса, қаралғаны – 1307 (47,7%), анықталғаны – 24. Тоқ және тік ішек қатерлі ісігін анықтау скринингінің жоспары – 3100, қаралғаны – 1811 (58,4%), анықталғаны – 11.

Ауылдағы халықты алдын ала тексеру бойынша 18-29 жастағы жоспары 2120 болса, қаралғаны – 1377 адам (64,9%), сырқат белгісі анықталғаны – 2. 30 бен 44 жастағы азаматтар арасындағы скринингтен өткізу жоспары – 3950, қаралғаны – 1957 (49,5%), анықталғаны – 14 адам. 45-65 жастағылар жоспары 3976 болса, қаралғаны – 2 149 адам (54%), анықталғаны – 35 адам. Ал, 66-70 жастағылардың жоспары – 401, қаралғаны – 479 (119%), анықталғаны – 5 адам. Барлық анықталған науқастар диспансерлік есепке алынды.

Жылжымалы медициналық комплекстің жұмыс жоспары – 28081 адам. Осы жылдың 5 айында қамтылғаны – 13917 (49,6%), оның 2290-ы балалар. Жасалған диагностикалық зерттеулер саны – 5793. Бейінді мамандармен жасалған кеңестерге 17919 адам қатысса, ауру анықталғаны – 332, оның ішінде қан айналымы жүйесі аурулары – 26, қант диабеті – 1. Диспансерлік есепке 37 адам алынды.

Шалғайда орналасқан ауылдардың халқына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында телемедицина орталығы жұмыс істейді. Облыстық, республикалық медициналық орталықтардың мамандарынан кеңес алуға болады. Биыл телемедицина арқылы 95 онлайн консультациялар жасалды. Халыққа қашықтықтан көрсетілген медициналық қызметтердің үлесі – 12,9 пайыз. Барлық көрсетілген медициналық қызметтер – 165430, халыққа қашықтықтан көрсетілген медициналық қызметтер – 21393.

Президент Жолдауында айтылғандай, әрбір ел азаматы медициналық көмек алуға, аурудың алдын алуға мүмкіндігі бар. «Тексерілемін» деген азаматтарға барлық медициналық мекемелердің есігі ашық. Скринингтен өту үшін әр адам тіркелген жері бойынша емханаға баруы керек. Ол үшін әрбір алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету мекемелерінде скринингтік кабинеттер бар.

Жайдар ӘЙТІШЕВ,

аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

Шу ауданы