ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
Ауданымызда жастарды бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады.
Өскелең ұрпақты ептілікке, шымыр болуға тәрбиелейтін осындай спорттық шаралардың бірі жуырда Қаракемер ауылдық округінде өтті. Ә.Молдасейітов және ауылдық округ әкімі Р.Алыбаев кіші футболдан жасөспірімдер арасында «Молдасейіт» турнирін ұйымдастырды.
Жарыстың жүлдесіне келер болсақ, 1-орынға — 60 000 теңге, 2-орынға — 40 000 теңге, 3-орынға — 20 000 теңге және кубоктар мен медальдар тігілді.
Жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, жігерлендіре білді. Қызықты да тартысты өткен ойынның нәтижесі бойынша 1-орынды Ауқатты ауылының командасы иеленсе, 2-орынға Отар ауылының командасы жайғасты, ал 3-орын Кенен ауылының командасына бұйырды.
Турнир соңында жеңген командаларға алғыс хаттар мен кубоктар табысталып, ақшалай сыйлықтары берілді.
Қордай ауданының әкімдігі