Су мәселесі – назардан тыс қалмақ емес
Биылғы қуаңшылық негізгі кәсібі егіншілікпен байланысты шаруа қауымға оңай тиіп отырған жоқ. Егілген егіні жақсы шыққанымен, суармалы су аздығынан күйіп кеткен бүтін егістіктер де жоқ емес. Шаруаның жанайқайына құлақ түрген аудан әкімі Бегзат Болатбеков мәселені басты назарда ұстап отырғаны белгілі. Бейсенбі күні аудан әкімдігінде жүз елуден астам шаруа қожалықтарының имелерімен кездесіп, мемлекет тарапынан егістік суы мәселесін шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда ауданға келіп жатқан су көлемі 12 м/с куб болып отыр. Ауданға бұдан бірнеше есе көп су қажет етіледі.
Ал бүгін аудан әкімі «Казсушар» РМК облыстық филиалының аудандық бөлімшесі өкілдерімен бірге Шөміш су торабының жайымен танысты. Су торабының жағдайына қанық болған соң, жауапты мамандарда бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Қордай ауданының әкімдігі