ИННОПРОМ-2023

Кешеден бері Ресейдің Екатеринбург қаласында «ИННОПРОМ-2023” халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтуде.

Көрмеге 35 елдің компаниялары қатысуда. Қазақстаннан 250 компания бар. Біздің өңірден “Казфосфат», “Еврохим-Каратау», “Энерджи Тараз» және «Ecosystem Service» компаниялары өз өнімдерін көрсетуде.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Ә.Смайыловтың, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі М.Мишустиннің және Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Р.Головченконың, сонымен бірге, 11 мемлекеттің салалық министрлерінің қатысуымен “ИННОПРОМ-2023” халықаралық өнеркәсіп көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.Қарабаевтың төрағалығымен Ресейлік 31 компаниямен өткен В2G кездесулер барысында Жамбыл облысының да инвестициялық мүмкіндіктері мен өнеркәсіптік алаңдары бойынша ақпараттар берілді.
Энерго үнемдеу, тау-кен өңдеу саласы бойынша 4 компаниямен қосымша келіссөздер жүргізілді.

Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылатын болады.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары