Инвестиция тарту
2023 жылдың 3-5 шілде аралығында Алматы қаласында өткен Қытай тауарларының көрмесіне ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері қатысты. Қытайдың Чжэцзян, Шаньси, Гуандун, Шаньси, Хэнань, Цинхай, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Ляонин, Нинся, Хубэй провинцияларынан 200-ден астам компания қатысқан көрме барысында іскерлік байланыс орнатудың және жаңа серіктестер табудың бірегей мүмкіндігі ескеріліп, облысқа инвестиция тарту мақсатында қытайлық компаниялардың басшыларына Жамбыл облысынан орталықтар ашу ұсынылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы