Регина Бретт ұсынады: Өмір туралы 50 сабақ
1. Өмір әділетсіз. Бірақ ол тамаша.
2. Егер күмәндансаң тағы бір қадам алға жылжы.
3. Өшпенділікке жұмсай беруге өмір тым қысқа.
4. Өзіңді тым дұрыспын деп ойлама. Ешкім де ондай емес.
5. Ай сайын төлемдеріңді төлеп отыр.
6. Әрбір дауды жеңу шарт емес. Келіспеуге де келіс.
7. Біреумен бірге отырып жыла. Жалғыз жылағаннан екеулеп жылаған шипалы.
8. Құдайға ренжу деген болып тұрады. Ол оны қабылдайды.
9. Зейнетақыңды алғашқы жалақыңнан бастап жина.
10. Мәселе шоколадқа келіп тірелгенде, қасарысу бекер.
11. Өткен өмірің келешегіңді бүлдірмес үшін онымен бір ымыраға кел.
12. Өз балаңның көзінше жылау өрескелдік емес. Онда тұрған түк те жоқ.
13. Өз өміріңді өзгемен салыстырма. Олардың саяхаты қаншалықты қиын болғанын шын мәнінде білмейсің ғой.
14. Егер қарым-қатынас құпия күйінде қалуы керек болса, одан бас тарт.
15. Көзді ашып-жұмғанша бәрі өзгеруі ықтимал. Алаң болма: Құдай ешқашан кірпік қақпайды.
16. Өкінішпен өмір сүру үшін өмір тым қысқа. Өмір сүр. Немесе өлім туралы ойла.
17. Бүгінмен өмір сүрсең, кез келген түйткілді жеңе аласың.
18. Жазушы жазады. Жазушы болғың келсе — жаз.
19. Бақытты балалыққа ие болуға ешқашан кеш болмайды. Алайда, екінші рет ол өзіңе және жаныңдағы сүйіктіңе байланысты.
20. Өмірде жаның сүйген нәрселердің уақыты туған сәтте «жоқ» деме.
21. Шырағдан жақ, әдемі төсеніштің үстіне ұйықта, көз тартатын ішкиім ки. Ештеңені ерекше күн үшін сақтама. Бүгін – сол ең ерекше сәт.
22. Бойыңды игер, ағынмен ағып көр, болар нәрсе болсын.
23. Дәл қазір өзгеше бол. Көк түсті киіну үшін қартайғаныңды күту шарт емес.
24. Ең маңызды жыныс мүшесі – ми.
25. Сенің бақытты болуың үшін ешкім жауап бермейді. Сенен басқа.
26. Зауал тудырған әр апатты: «Бес жылдан соң маңызды бола ма?» деген сауалмен қарсы ал.
27. Әрдайым Өмірді таңда.
28. Кешір. Бәріне. Бәрін.
29. Өзгенің сен туралы не ойлағаны маңызды емес.
30. Уақыт бәрін дерлік емдейді. Уақытқа мұрсат бер.
31. Жағдай жақсы ма, жаман ба – ол бәрібір өзгереді.
32. Жұмысың ауырған кезде аузыңа су тамызбайды. Оны достарың жасайды. Сыйластықты сақта.
33. Ғажайыпқа сен.
34. Жаратқан сені сүйеді. Өйткені ол сені жаратты. Сен бірдеңені бұрыс, не дұрыс жасағаның үшін емес.
35. Өлтірмегеннің бәрі сені шыңдайды. Мықты ете түседі.
36. Қартаю — жас болып өлуге қарағанда әлдеқайда жақсы балама.
37. Сенің балаларыңның бір ғана балалық шағы бар. Оны ұмытылмастай ету сенің қолыңда.
38. Дұға оқы. Адамзат баласының барлық сезімін қамтиды.
39. Күнде таза ауада серуендеуге шығып тұр. Ғажайып деген сәт сайын болып жатыр.
40. Егер өз басымыздағы қиындықтың бәрін бір жерге үйіп қойып, оны өзге адамдардың қиындығымен салыстырсақ, өзіміздікін тез қайтып алар ек.
41. Өмірді сынап керек емес. Өзіңді көрсет. Қолыңнан не келсе де, аянбай істе.
42. Пайдасы тимейтін, сұлу көрінбейтін, қуаныш сыйламайтын нәрсенің бәрінен құтыл.
43. Шын мәнінде маңызды нәрсе деп өзің сүйген құбылыстарды ғана атай аласың.
44. Көреалмаушылық – уақыт өлтіру. Сенде керектінің бәрі бар деген сөз.
45. Ең жақсының бәрі алда.
46. Жағдайың қаншалықты нашар болса да, орныңнан тұр, киін де ел алдына шық.
47. Терең тыныста. Бұл санаңды сабырға шақырады.
48. Егер сұрамасаң, ештеңе алмайсың.
49. Жол бер.
50. Өмірді әдемілеп безендірмесе де, ол қол жетпейтін сый.
Аударған Шынар Әбілдә