Семейде шомылуға барған ер адам суға батып кетті

Құтқарушылар Семей қаласындағы Ертіс өзенінің «Пристань» қалалық жағажайынан ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 2023 жылдың 11 шілде күні Ертіс өзенінің «Пристань» қалалық жағажай ауданында болған. Куәгерлер 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барғанын айтқан. Бір мезетте ер адамның көзден ғайып болғаны белгілі болды.

«Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты», – деп ТЖМ өкілдері.

Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Абай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер мен полиция қызметкерлерімен бірге судағы қауіпсіздік шаралары туралы халықты ескерту бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Эльмира Ағабек