АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізу дәстүрге айналып отыр.
Бүгін де осы мақсатта бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Олардың қатарында тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, сондай-ақ жайылымдық жер секілді баршаға ортақ мәселелерді көтергендер де бар.
Сонымен бірге жеке мәселесімен келген көпбалалы аналар мен зейнеткерлер де болды. Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдердің бірқатары сол мезетте-ақ шешімін тапса, бір бөлігі рет-ретімен зерделеніп, заң шеңберінде қаралатын болады.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі