Кең болсаң, кем болмайсың
Баяғыда бір жас шәкірт ұстазына:
— Дәл өзіңіз секілді ешкімге ренжіп, кек сақтамауды, ренішті тез ұмытып кетуді маған да үйретіңізші, — деп өтініш білдірген екен. Сол кезде ұстазы оған:
— Мұның әдісі оп-оңай. Егер алдағы уақытта біреуге ренжитін болсаң, қолыңа картоп ал да ренжіп қалған адамыңның есімін сол картопқа жазып, оны бір дорбаға салып үнемі өзіңмен алып жүр. Әр ренжіген сайын бір картоптан қосып отыр, — деген екен.
Бұған келіскен жас шәкірт дәл осылай жасайды. Көп ұзамай қолындағы дорбасы ауырлап әрі ішіндегісі бұзылып саси бастайды. Біраз уақыт шыдап, ақыры амалы таусылған ол ұстазына енді мұны алып жүрудің мүмкін еместігін айтып шағымданады.
Сонда ұстазы:
— Сен ренжіген, кешіре алмаған адамдар да сенің ішкі жан дүниеңе, денсаулығыңа осындай ауырлық салып жатқанын білмей жүрсің-ау. Жүрегің де ұзақ уақыт тұрып қалған реніштен картоп секілді шіріп жатыр. Сенде екі таңдау бар: не өкпе-ренішті осылай жүк қылып, сасытып арқалап жүресің, не оны лақтырып тастайсың! — деген екен.
Нұғман Сүлгетай, talimtv