АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ
Соңғы жылдары ауданда құрылыс жұмыстары дамып келеді.
Әсіресе, халық қажеттілігін өтейтін нысандарға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел мүддесіне жұмыс жасап жатқандығы көңіл қуантады.
Әдемі құрылыс өңірдің де ажарын ашады.
Қазір ауданда құрылыс жұмыстарының қарқын алған кезі.
Құрылыстың қарқыны экономикалық даму мен әлеуметтік жағдайдың артуына да өз септігін тигізетіні белгілі.
Ағымдағы жылы 13 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда,
1. Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебіне асхана және мәжіліс залының құрылысын салу;
2. Жаңаталап орта мектебіне спорт залының құрылысын салу;
3. Жаңатас қаласындағы Құрылысшы массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу»» ауыз су жүйесімен жабдықтау;
4. Жаңатас қаласындағы Құрылысшы массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу»» газ жүйесімен жабдықтау;
5. Жаңатас қаласының 2 шағын аудандағы №32, 90 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыру;
6. Өндіріс ауылындағы клубты күрделі жөндеу
7. Үшбас ауылының су жүйесінің құрылысын салу
8. Ақтоғай ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту
9. Шағалалы ауылының су жүйесінің құрылысын салу
10.Тоғызкент ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту
11.Саудакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту
12. Qazaq soda» зауытына су жүйесін тарту
13. Жаңа құрылысқа электр желісін тарту
Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы бәрінен де маңызды. Сондықтан ұдайы бақылап отыруды қажет етеді.
Сондықтан, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары аудандағы жауапты мекемелер арқылы бақылауда.
Сонымен қатар, ауданда жасалынып жатқан құрылыс жұмыстарының бірі — Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №44 және 46 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы.
Құрылысы жүріп жатқан №44 үй 56 пәтерлік, ауданы 2859,6 шаршы метр, ал №46 үй 48 пәтерлік, ауданы 2859,6 шаршы метр.
Құрылыс жұмыстары меншік иелерінің өз қаражаттары есебінен жүргізілуде.
Қорыта айтқанда, жасалған және жасалатын жұмыстардың бәрі де халық сұранысын қамтамасыз етіп, елдің игілігі үшін қолға алынған жұмыстар.
Сондықтан, алдағы уақытта да құрылыс жұмыстары ауданда қарқын алып, аудан жұртшылығының қажеттіліктері өтеле бермек.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі