Жамбыл ауданында 6 спорт кешені пайдалануға беріледі

Облыс әкімінің қолдауымыен Жамбыл ауданына қарасты Айшабибі, Қаракемер, Сұлутөр, Бесағаш, Өрнек, Гродекова ауылдарында жастар өтінішімен әмбебап спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізідуде.
Соның ішінде Астана күнінде Сұлутөр ауылындағы спорт кешені ел игілігіне берілсе, Бесағаш ауылындағы спорт кешенінің қаржысы қаралып, жұмыстар басталмақ.
Ал қалған ауылдардағы спорт нысаны жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингтегі сөзінен.

Жамбыл ауданы әкімдігі