АҚКӨЛ АУЫЛЫНДА ҚҰРАМА ЖЕМ ӨНДІРІЛУДЕ
Ақкөл ауылында құрама жем өндірісі жолға қойылып өнім өндірілуде. Аудан әкімі өндіріс орынының жұмысын көріп, кәсіп иесімен жүздесті.
Мемлекеттің қолдауы аясында кәсібін бастаған Сартаев Жанай мал мен құс азығының 12 түрін дайындауда.
Мұнда құрама жемге жүгері, бидай, мақсары, арпа басқа да мал ағзасына пайдалы дәруменді заттар қолданылады. Өндіріс орынында қоспа жем шығарудан бөлек 1000 тоннаға арналған сақтау қоймасыда жасақталған.
Құрама жем өнімі Ақкөл ауылын ғана қамтып қоймай, көршілес аудандарғада жеткізілуде.
Талас ауданы әкімдігі