Аудандық турнир

Аса ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде 1 маусым 《Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне》 орай кіші футболдан 2010- 2012 ж.т жасөспірім ұлдар арасында аудандық турнир өткізілді.
Турнирге барлығы 10 команда қатысып өзара бақ сынасты.
Жарыс нәтижесі бойынша:
І орын Төлеби орта мектебі (Қаракемер ауылдық округі)
ІІ орын Қаратау орта мектебі (Айша бибі ауылдық округі)
ІІІ орын Амангелді орта мектебі (Қаратөбе ауылдық округі)
●Үздік ойыншы Нұрлан Әли (№1 орта мектебі)
●Үздік қорғаушы Ерланұлы Санжар (Амангелді орта мектебі)
●Үздік шабуылшы Нұрбекұлы Айдос (Айша бибі орта мектебі)
●Үздік қақпашы Тұрғынбайұлы Қайсар (Төлеби орта мектебі)
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге арнайы диплом, медаль және кубок табыс етілді.
Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері Өтеп Руслан

Жамбыл ауданы әкімдігі