БОЙТҰМАР» ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН СТУДИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының тігін тігу және құрақ құрау өнері курсынан енді АБДУЛЛАЕВА ГҮЛНАР ИСЕМБАЙҚЫЗЫ сабақ береді. Технолог маманының бұл салада 34 жылдық еңбек өтілі бар. Сегіз қырлы, бір сырлы маман иесі қазақтың ұлттық құндылықтарын, қол өнер бұйымдарын насихаттап жүр. Тігін тігіп, құрақ құраудан бөлек, киіз басып, сырмақ тігу өнерін де меңгерген.
2022 жылдың қазан айында «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер ассоциациясын ашып, қолөнершілердің басын қосып үлкен жетістіктерге жеткен. Көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жобаларға қатысып, сертификаттарға ие болған.

Облыс әкімі Н.Нұржігітовтің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2023 ж. ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолөнершілермен кездесуінде болған.
Өз ісінің шебері Гүлнар Исембайқызынан дәріс алу – бір мәртебе. Аталған курсқа 18 жастан жоғары қыз-келіншектер мен әйел-аналар қатыса алады. Оқу мерзімі—2 ай уақытты қамтиды. Аптасына 2 рет, сейсенбі және бейсенбі күндері 2 ауысымда өтеді. Курсты аяқтаған соң, үйренушілерге сертификат табысталады.

Анаға Тағзым Орталығы