ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі