ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Күні кеше аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтің және облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаевтың қатысуымен ағымдағы жылдың екінші тоқсанында құрылыс саласы бойынша аудан аумағында атқарылған жұмыстардың сапасы мен қорытындысына қатысты кеңес отырысы өтті. Сондай-ақ, кеңеске ауыл әкімдері мен бөлім басшылары, аудандағы мердігер компаниялардың басшылары, техникалық қадағалаушылар қатысты.
Жиын барысында Қайрат Әшірәліұлы қолданыстағы заңнамалар аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаннан бастап, нысанды пайдалануға бергенге дейінгі тапсырыс беруші, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушылардың міндеттеріне тоқталып өтті. Сонымен бірге, аталған мекемелердің жауапкершілігін арттыру мәселесі де қозғалды.
Кеңес соңында тиісті тұлғаларға құрылыс саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жіберілген кемшіліктер талқыланып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермей, жалғастыру тапсырылды. Сонымен қатар, техникалық қадағалаушылар мен авторлық қадағалаушылар тарапынан жіберіліп жатқан жұмыстардың кемшіліктері айтылып, басқарма тарапынан қойылған талапты орындамаған бірқатар мердігер компанияларға сын-ескертулер айтылды.
Шу ауданы әкімдігі