eGov.kz порталында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Қызметті алу үшін келесі нұсқаулықты орындау жеткілікті:
— egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
— басты бетте «Азаматтарға» → «Әлеуметтік қамтамасыз ету» → «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
— «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
— зейнетақы кезеңін көрсетіңіз;
— содан кейін тексеруге сұрау салуға қол қою қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі 15 минут ішінде eGov.kz пайдаланушысының Жеке кабинетіне жіберіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет
мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ»
Жамбыл облысы бойынша филиалының

Сарысу аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі