МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА

Өткен аптаның жұма күні Саудакент ауылында бастау алған «Саялы өлкем – Сарысуым» атты мәдениет және өнер фестивалі жалғасуда.

Бүгін Жаңатас қаласындағы мәдениет үйінің алдындағы сахнада аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» мекемесі концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қала тұрғындарының көңілін бір серпілтіп тастады.
Көрермендерді әсем әнмен тербеп, көркем күймен қуантқан шарада өнерпаздар шырқата ән салып, қала жастарынан құралған «Жайдарман» командасы әзіл-сықаққа толы өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының қызметкерлері кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырды.
Көпшілікке ерекше әсер сыйлап жатқан мәдениет және өнер фестивалі әр аптаның жұма күндері жалғасатын болады.

Сарысу ауданы әкімдігі