Жыл басынан бері 35 техника жаңартылды

Ауданда барлығы 683 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген.
Оның ішінде, 361 дөңгелекті трактор, 22 шынжыр табанды трактор, 29 комбайн және 271 қосалқы тіркемелер бар.
Ағымдағы жылға 12 пайыз ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жоспары берілген.
Үстіміздегі жылдың 6 айында 135,0 млн теңгеге 10 трактор, 119,3 млн теңгеге 26 басқа техникалар алынып, барлығы, жалпы соммасы 256,6 млн. теңгеге 35 техника жаңартылды.
Биыл көктемгі дала жұмыстарына 510 дана техника қатысты. Оның ішінде, 342 трактор, 45 дана соқа, 28 дана қопсытқыш, 85 дана дән сепкіш бар.

Сарысу ауданы әкімдігі