«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМ АНАСЫ»
Өмірдің мәні де, сәні де – әйел. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлем тербете алады.
Әйелдің мына әлемдегі маңызын, оның баға жетпес құндылығын насихаттау мақсатында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы мен Тараз қаласының №4 кітапхана ұжымы бірлескен «Әйел-әлем анасы» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кеште «Асыл арман» шығармашылық орталығының мың бұралған бишілері өз өнерлерін ортаға салды. Келген қонақтар «Ененің өнегесі» атты тәрбиелік мәні бар қойылым тамашалады.
Өз өнерлерін көрсетуге келген кішкентай бүлдіршіндер де қалыс қалмады. Олардың сызылып салған әндеріне көрермен тамсана қарап, жылы лебіздерін білдірді.
Кеш соңында «Әйел әлемінде» атты кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.
Жамбыл облысы, Анаға Тағзым Орталығы